×

Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырған

Тергеу барысында ол кінәсін толық мойындады

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2023 | 10:41
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден аса бюджет қаражатының жымқырғанын анықтады.

Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас есепшісінің тиісті және іс жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды, - делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша прокурорлар қылмыстық іс қозғап, тергеу ЭТД-ге тапсырылды.

Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету») бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама