Halyq Uni логотип
×

Елімізде теңгелік депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі артады

Қашан және қаншаға артатыны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 03.05.2022 | 11:30
Елімізде теңгелік депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі артады
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылғы маусымға ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді мен жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды әрі мамырдағы деңгейде сақталды.  Ал 12 мен 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылады, – дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

Теңге депозиті бойынша 10% өтемақы алуға кімдер құқылы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама