Halyq Uni логотип
×

Дене шынықтыру және спорт саласында 270 млн теңгеге жуық қаржы жымқырылған

ҚМА 20-дан аса қылмыстық істі тіркеді

 Динара Амантай 04.07.2023 | 09:21
Дене шынықтыру және спорт саласында 270 млн теңгеге жуық қаржы жымқырылған
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылды. Сондай-ақ саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Агенттіктің мәліметінше, жыл басынан бері жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергеліп жатыр. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама