Тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды
Қостанайда «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.
ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, күдікті «Qnet LTD» қаржылық пирамидасына азаматтарды тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған. 30-дан аса адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден аса шығын толық көлемде өтелді. Осылайша, тараптардың татуласуына байланысты тергеу амалдары тоқтатылды.
Агенттік азаматтарды қырағы болып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады