60 мыңға жуық әйел жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты әлеуметтік төлем алды
Жыл басынан бері ана мен баланы қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) шамамен 77 млрд теңге берді.
2022 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған 59,2 мың әйел МӘСҚ-тан 33,9 млрд теңге әлеуметтік төлем алды. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған 423,5 мың адам 42,6 млрд теңге әлеуметтік төлем алды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жоғарыда көрсетілген төлемдердің біріншісін алу құқығы жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күннен бастап туындайды. Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем мөлшері жұмыс істейтін әйел үшін соңғы жылда МӘСҚ-ға келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен еңбекке қабілетсіздік күндерінің санына байланысты болады.
«Екінші төлемді алудың негізгі шарттары – кірісті жоғалту және бала бір жасқа толғанға дейін нақты күтім жасау. Төлем мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы екі жыл ішінде МӘСҚ-ға түскен әлеуметтік аударымдар, орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Бұл ретте осы төлемнің ең төменгі көлемі жұмыс істемейтін әйелдерге тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі осыған ұқсас ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмауға тиіс. Ең жоғары көлем ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40%-ынан аспауы тиіс», – делінген ақпаратта.
Әлеуметтік төлемдерден 1% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталып, әлеуметтік төлем алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.
Қазақстанда 1,5 млн ауыл тұрғыны медициналық сақтандырумен қамтылмаған. Биыл көпбалалы отбасылар 82 млрд теңге жәрдемақы алды. «Тоқ болған күніміз жоқ». Атырауда 50 шақты ана қала әкімдігінің алдына жиналды.