×

Мақсат Толықбай 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектепті қайтаруды талап етті

Депутат Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылындағы мектеп мәселесін сөз етті

 Дәурен Ерболат 05.06.2023 | 12:00
фото: Halyq Uni

Алматы облысында толық күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимараты 15 млн теңгеге сатылып кеткен. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай білім ордасын екі ай ішінде қайтаруды талап етті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Өткен аптада Алматы өңіріне барып келдім. Мектеп туралы айтып жатсыздар. Мен сіздерге бір сұмдықты айтайын. Біз бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Мәселен, Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 орынға арналған орта мектеп болған. Соңғы жылдары толық күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан спорт зал салынып, нысан пайдалануға берілді.

Барлық ауыл баласы қуанып жүргенде, ауыл мектебін жекеге сатып жіберген. Оны әкімдіктен басқа кім сатады? Оны 15 млн теңгеге сатқан. Прокуратураға «Қайда қарап отырсыңдар?» деп айттық. Олар сот шағымын қабылдамайтынын, шамасы жетпейтінін айтып отыр», - деді депутат Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Мақсат Толықбай бүгінде құлайын деп тұрған үйдің өзі 17 млн теңге тұратынын айтып, жағдайды бақылауға алуға сұрайды.

Сұмдық қой. Үлкен мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберген. Мұны қай әкімнің қалай сатқанын табу қиын емес. Барлығын біліп отырмыз. 2 ай уақыт береміз, қайтарыңыздар. Әйтпесе, фамилия бойынша соңына жетеміз, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама