×

Павлодарда бюджет қаражатын жымқырған колледждің бас бухгалтері сотталды

Ол 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

 Халық үні 15.11.2021 | 10:49
фото: college-pvl.kz

Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бас бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар қаласындағы «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.

Ол колледж жұмысына таныстары мен туыстарын тартып, сосын олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған.

Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды, сонымен қатар ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама