Талдықорғанда «Q-net» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды
Күдіктіге 200-ден аса адам алданды
Талдықорған қаласында «Q-net» қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҚМА Жетісу облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, 220 млн теңгеден аса жеке қаражатын салғаны анықталды. Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.