Halyq Uni логотип
×

Тимур Құлыбаевтың заңсыз табысы тәркіленіп, 1 млрд теңге айыппұл салынды

Компания 2 жыл бойы негізсіз үстеме пайда тауып келген

 Бауыржан Мұқанов 24.05.2023 | 17:27
Тимур Құлыбаевтың заңсыз табысы тәркіленіп, 1 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қатысты «Қазақстан – отын-энергетикалық кешен» Сауда үйі» ЖШС-ға 1 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы. 

«Қазақстан – отын-энергетикалық кешен» Сауда үйі» ЖШС анықталды, ол темір жол шекараларында сұйық жүктерді қабылдау, сақтау және босату бойынша қызметтер көрсетуге монополиялық артықшылықты пайдаланып, 2 жыл ішінде негізсіз үстеме пайда алған.

2023 жылдың 15 наурызында ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни нарық субъектісінің монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Жиналған материал 2023 жылдың 20 сәуірінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды, оның нәтижелері бойынша монополист әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оны 1 094 593 950 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді және 579 826 102 теңге сомасында заңсыз алынған монополиялық табысты тәркіледі, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша «ТЭК Қазақстан» сауда үйі» ЖШС қатысты тергеу жүргізіп, «сұйық, сусымалы және тараға салынған жүктерді (дизель отынын) қабылдау, сақтау және жіберу» қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу фактілерін анықтаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Құлыбаевты Алматыдағы ғылыми орталықтың жерін қайтаруға міндеттеген еді. 

Одан бөлек Құлыбаев мұнай компаниясындағы үлесін мемлекетке қайтаратыны туралы да хабарланған

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Құлыбаевқа тиесілі компаниялардың Ресейге сатылып жатқанын айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама