124 млн теңге: криптовалютаға инвестиция тартқан тағы бір қаржылық пирамида әшкереленді
Олар ұйымға 600-ден аса адамды тартқан
ҚМА криптовалютаға арналған инвестициялық жобаның атын жамылған тағы бір қаржылық пирамиданы анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының 4 тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар 600-ден аса адамды және 124 миллион теңгеден аса салымшылар қаражатын тартқан.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.