Жұмыссыз қалған қазақстандықтар арнайы төлем алды

Қымбат Елтайқызы

36 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді

коллаж: Halyq Uni

36,2 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алды.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, МӘСҚ-тан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 36,2 мың адамды құрады. Бұл ретте осы жылы 26,4 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне әрі соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен беріледі.

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан беріледі және ол жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.