Halyq Uni логотип
×

Қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 7 млрд теңге жымқырған Қытай азаматы елден қашып кетті

Күдікті 3 жетекшінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 28.04.2023 | 12:38
Қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 7 млрд теңге жымқырған Қытай азаматы елден қашып кетті
Фото: Halyq Uni

Елімізде Қытай азаматы ұйымдастырған қаржы пирамидасының заңсыз қызметін насихаттаумен қазақстандық 3 әйел айналысқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетек, бұған дейін ҚМА Қазақстан аумағында «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісін тіркеген болатын. Агенттіктің 17 аумақтық департаменті қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша 17 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар 2022 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді және фармацевтикалық зауыт құрылысына инвестиция салу, сондай-ақ тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамытуға инвестиция салу желеуімен инвесторлардан қаражат тартып келеді. Айта кету керек, «Chia Tai Tianqing» Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен Қытай азаматы. Сондай-ақ Алматы қаласының аумағында Қазақстанның 3 азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналысқан. Олардың жеке басы анықталды. Олар инвесторларға компанияға салынған инвестициядан жоғары қайтарым алуға уәде берген. Жаңа салымшыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде сыйақы беруді уәде еткен.

Бұл ретте салымшыларға қаражаттың қабылданғанын растайтын құжаттар ұсынылмай, ешбір келісімшарт жасалмаған. Компанияның жалпы жұмысы туралы ақпарат бермеген. Қытайдың белгілі «Chia Tai Tianqing» компаниясының логотипі қолданылған, алайда олардың аталмыш қытайлық компанияның қызметіне ешқандай қатысы жоқ болып шықты.

Бұл компанияға тартылған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асады.

Өткен аптада Алматы қаласы департаментіне жәбірленушілерден аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 200-ден аса өтініш келіп түскен.

Агенттіктің мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастыруға күдікті 3 жетекшінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама