×

Былтыр банктер мен микроқаржылық ұйымдарда 11 мың алаяқтық операция тіркелген – Әбілқасымова

Агенттік басшысы алаяқтық операцияның азаймағанын мәлімдеді

 Дәурен Ерболат 26.04.2023 | 11:28
фото © Самат Құсайынов

Қазақстанда банктер мен микроқаржылық ұйымдарда бір жылда 11 мың алаяқтық операция тіркелді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Былтыр банктер мен микроқаржы ұйымдарда 11 мыңға жуық алаяқтық операция тіркелді. Олардың тек 5 мыңы несиелерді алаяқтық жолмен рәсімдеуге қатысты. Бұл несиелерді онлайн рәсімдеумен байланысты, - деді агенттік басшысы.

Агенттік төрағасы алаяқттыққа жол бермес үшін микроқаржы ұйымдарда кредит беру талабы айтарлықтай қатаңдатылғанын жеткізді. Атап айтқанда, екі факторлы сәйкестендіру, биометрия енгізілген.

«Осыған қарамастан алаяқтық операциялар саны өсіп жатыр. Мұндағы мәселе ақпараттық қауіпсіздік және қаржы институттарының қауіпсіздігі жүйесіне байланысты. Сондықтан биыл құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Ұлттық банк кредиттік алаяқтық схемаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын әзірледі. Ол киберқауіпсіздікті күшейтетін бірқатар шараны қарастырады», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама