×

Елордалықтар алаяқтан «концерт билеттерін» 50 мың теңгеден сатып алған

Осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 24.04.2023 | 16:45
фото: ашық дереккөз

Астанада Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жігіттің Instagram арқылы әншілердің концерттеріне билет сатамын деп жарнама орналастырғаны белгілі болды. Осылайша, әйгілі әншінің мерекелік кешіне бармақшы болып билет сатып алған қала тұрғыны алаяққа 50 мың теңгені аударып жіберген. Алайда ол концертке келгенде билеттің жалған екендігін анықтаған, ал күдікті байланысқа шықпаған.

Алданғанын түсінген қыз полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас айламен елорданың бірнеше тұрғынын алдағанын анықтады.

Осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама