×

Тараз ЖЭО-дан қомақты ақша жымқырған 8 адамға сот үкімі шықты

ЖЭО басшысына іздеу жарияланып, қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлген

 Динара Амантай 22.04.2023 | 12:00
Фото: taraztec.kz

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық топқа қатысу, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны, өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша 8 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай «Таразэнергоорталық» АҚ-ның (бұдан әрі-ЖЭО) басқарма төрағасы Мәуленов және қылмыстық топтың басқа да қатысушылары - сотталушылар Б., К., Д., С., К., Д., Д., Б. ЖЭО активтерін сенімгерлік басқаруға алу және жылу, электр энергиясын тұтынушылардан түсетін ақшалай қаражатты жүйелі түрде ұрлау мақсатында ресми түрде ЖШС құрған.

ЖЭО акциясын сенімгерлік басқаруға алғаннан кейін ЖШС президенті болып табылатын мекеменің басшысы және сотталушылар Б., К., Д., С., К., Д., Д., Б. ЖЭО-дан аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған, салдарынан жалпы сомасы 2 837 710 077 теңгеге залал келтірілген.

Соттың 28 наурыздағы қаулысымен ЖЭО басшысына іздеу жарияланып, қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлген.

Сот үкімімен қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 262-б. 2-б., 189-б 4-б., 216-б. 3-б. бойынша әрқайсысына түпкілікті: Б.Р.-ға 9 жылға, К.А.-ға 8 жылға, К.А.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда 10 жылға басшы лауазымдарын атқару құқығынан айырыла отырып тағайындалды.

Д.А. және Д.С.-қа ҚК-нің189-б. 4-б., 216-б. 3-б. бойынша түпкілікті әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда 5 жылға басшы лауазымдарын атқару құқығынан айырыла отырып тағайындалды.

С.Г.-ға ҚК-нің 434-б. бойынша пробациялық бақылау белгілене отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Д.Е.-ге ҚК-нің 216-б. 3-б. бойынша 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР «Рақымшылық туралы» Заңы негізінде жазаның 1/5 бөлігі қысқартылып, түпкілікті 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарын атқару құқығынан 5 жылға айыра отырып тағайындалды.

Б.Т.–ға ҚК-нің 216-б. 2-б. 2-тармағы бойынша 2 жылға бас бостандығын айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарын атқару құқығынан 5 жылға айыра отырып тағайындалды. ҚР «Рақымшылық туралы» Заңы негізінде жазаның 1/2 бөлігі қысқартылып, түпкілікті 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

К. А., Д. А. және Д.С. қылмыс жасаудың бөлігі бойынша ҚК-нің 262-б. 2-б. және С. Ж. ҚК-нің 262-б. 2-б., 216-б. 3-б.,189-б. 4-б. 1,2-т. бойынша кінәсіз деп танылып, олардың аталған қылмыстарға қатысулары дәлелденбеуіне байланысты ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама