Halyq Uni логотип
×

Білім министрі жас ғалымдар қанша жалақы алатынын айтты

Бұған дейін премьер-министр жас таланттарды ғылымға тартуды тапсырған еді

 Ербол Тұрымбет 12.04.2022 | 10:55
Білім министрі жас ғалымдар қанша жалақы алатынын айтты
коллаж: Halyq Uni

Жас ғалымдар үш жыл бойы 500 мың теңге еңбекақы алады. Бұл жайлы Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, әлемдік тәжірибеде ғылымға ЖІӨ-нің кемінде 1%-ы бөлінеді. Дамыған елдерде әлдеқайда жоғары. Франция мен Қытай ЖІӨ-нің 2,2%-ы көлемінде қаражат бөлсе, АҚШ – 3,1%, Германия – 3,2%, Оңтүстік Корея 4,6% көлемінде қаржы бөледі. Ал Қазақстанда 0,13% ғана.

«Жас ғалым» жобасы бойынша айтсақ, біздің зерттеулер докторантураны бітірген жас ғалымдардың ғылымда аз қалатынын көрсеткен. Сондықтан біз арнайы постдокторантураны енгізе бастадық. Енді жыл сайын докторантураны бітірген бір мың жас ғалым постдокторантураға барып, зерттеу жұмысымен айналысады, – дейді министр. 

Оның сөзінше, жас ғалымдар үш жыл бойы 500 мың теңге жалақы алуға мүмкіндік алып отыр. Бастама нәтижесінде жыл сайын ғылыми әлеует ғылыми дәрежесі бар тағы бір мың жас ғалымға артады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін премьер-министр жас таланттарды ғылымға тартуды тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама