×

Смайылов жас таланттарды ғылымға тартуды тапсырды

Бүгін - Ғылым күні

 Қымбат Елтайқызы 12.04.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

Премьер-министр қазақстандықтарды Ғылым күнімен құттықтады.

Бүгін еліміз Ғылым күнін атап өтеді. Елімізде отандық ғылымды дамыту жолында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге тың ғылыми жаңалықтар, жұмыстарыңызға зор табыс және сәттілік тілеймін!, – деді ол.

Осыған орай, үкімет басшысы отандық ғылымды дамыту бағытында білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырма берді.

  • 30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз етсін.
  • Жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтасын, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасасын.
  • Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беріп, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдасын. Ғылым қорының экономикалық тиімділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді капиталдандыруға, олардың инвестициялық тартымдылығын, барлық кезеңдегі ашықтығын арттыруға баса мән беріп, оның ребрендингін қамтамасыз етсін.
  • Бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы жобасына ғылымды қажет ететін өндірістерді, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруда ғылым үлесі бойынша бөлім қосып, оның нақты индикаторларын белгілеуді қамтамасыз етсін.  
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық кеңестер құруды және жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруының орталықтандырылған механизмін енгізуді қамамасыз етсін. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама