Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы өседі

Дәурен Ерболат

Ведомство басшысы ұсынысты қолдап отыр

коллаж: Halyq Uni

Елімізде мектеп директорларының еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл мұғалімдердің айлығын өсіру толық аяқталады. Содан кейін мектеп директорларының жалақысы артады.

2019 жылы президенттің берген тапсырмасы бойынша, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлығы жыл сайын 25%-ға көтерілді. Биыл тағы 25% артып, айлықты 2 есе көтеру толық аяқталды. Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр.

Мәселені пысықтап жатырмыз. Бұл – оңай шаруа емес. Бүкіл плюсі мен минусын есептеу керек. Міндетті түрде мектеп басшыларының айлығын көтеру керек. Біз оны қолдаймыз», - деді Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.