Өтініш берушілердің орташа жасы – 36-45
Enpf-otbasy.kz платформасына соңғы 3 күнде 157 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде ең жиі өтініш берілгені – Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру, емделу және ипотека жабу, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұраған ең аз қаражаты – 200 теңге. Өтініш берушілердің орташа жасы – 36-45, – дейді Отбасы банкі.
Отбасы банкі таратқан мәлімет бойынша, жалпы платформа жұмыс істеген бір жыл ішінде барлығы 1,5 млн өтінішті өңдеп үлгерген. Бірыңғай зейнетақы төлемін қолдану жөніндегі өтініш беретін бес оператордың ішінде Отбасы банкі 96%-ын қабылдаған. Ал платформаға соңғы күндері сағат сайын мыңға жуық өтініш түсіп жатыр.
Айта кетейік, сәуірдің 1-інен бастап БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының жеткілікті шегі шамамен 1,8 есе өзгереді. Қордағы артық жинағын пайдаланып қалғысы келгендер платформаға осы айдың 29-ына дейін өтініш беріп үлгеруі тиіс.
Ал Отбасы банкі өкілдері бүкіл өтінішті қабылдап үлгеруі үшін сенбі, жексенбіде де әрі Наурыз мейрамының 3 күндік демалысында да жұмысын тоқтатпайды.
Бұған дейін Отбасы банкі мен БЖЗҚ-ны дүрбелең күтіп тұрғанын хабарлаған едік. Портал істемейді: БЖЗҚ шекті сома өзгергенше өтініш қабылдап үлгере ме?