×

Портал істемейді: БЖЗҚ шекті сома өзгергенше өтініш қабылдап үлгере ме?

Наурыз мерекесіне орай берілетін 5 күн демалыста халық өтініш бере алады

 Ербол Тұрымбет 17.03.2022 | 12:30
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Еске салсақ, 2021 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі. Бұл көрсеткіш азаматтардың жасы мен қордағы жинағының мөлшеріне қатысты тиісінше өзгереді.

Үкіметтің бұл шешімі зейнетақы жинағындағы ақшасын пайдаланып үлгермеген салымшылардың ашуын туғызып, халық тарапынан шекті соманы өсірмеу туралы ұсыныс жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің өтінішіне құлақ асып, Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Шекті соманың мөлшері 1 сәуірде өзгереді. Осыған байланысты салымшылар жинағының бір мөлшерін тұрғын үйге, ем-домға пайдаланып үлгеру үшін жанталасып жатыр. Алайда, адамдар өтініш беретін enpf-otbasy.kz порталы қазір істемей тұр.

Осыған байланысты Halyq Uni тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне хабарласып, бірнеше сұрақ жолдады:

  • Азаматтардың бәрі сәуірге дейін өтініш беріп үлгереді ме?
  • Порталдың істен шығуына байланысты шекті соманың өзгеретін уақыты тағы да созыла ма?
  • Наурыз мерекесіне орай берілетін 5 күн демалыста халық өтініш бере алады ма?

БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір портал істемей тұрғанмен, жақын арада барлығы реттеледі. Сондай-ақ жинағы бар азаматтар сәуірге дейін өтініш беріп үлгеретінін, алдағы 5 күн демалыста өтініш беруге болатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама