Банкроттық туралы заң: Қаржы министрі қазақстандықтарға ескерту жасады

Дәурен Ерболат

Банкроттықты рәсімдеудің салдары туралы айтылды

фото: Halyq Uni

Биыл наурызда кредит төлеуге қиналып жүрген қазақстандықтардан банкроттық туралы өтінішін қабылдау басталады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-премьер халықтың шектен тыс несие алуын реттеуге қатысты министрлік жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Былтыр 30 желтоқсанда «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Наурыздың басында банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталады», - деді министр Үкімет отырысында.

Халықаралық тәжірибені ескеріп, заңда 3 түрлі рәсім көзделген.

Қаржы министрі банкроттықты рәсімдеудің салдары да болатынын ескертті.

Банкроттықты рәсімдеудің салдары төмендегідей:

  • 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу;
  • банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдану мүмкіндігі;
  • 3 жыл бойында қаржы жағдайының мониторингі.