×

ҰҚК Антикор төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады

Мақсат Қожабаев 2021-2022 жылдары агенттік төрағасының орынбасары болды

 Халық үні 09.01.2023 | 15:51
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«2023 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Мақсат Қожабаевты ұстады», - делінген ақпаратта.

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Мақсат Қожабаев 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың сәуіріне дейін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама