×

Лицензиялау нормаларын бұзған акционерлік қоғам 200 мың теңге айыппұл төледі

«Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» тауар биржасы» біліктілік талаптарына сай емес болып шықты

 Халық үні 07.11.2022 | 12:14
фото: Halyq Uni

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының ұсынымымен лицензиялау нормаларын бұзу және біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері бойынша «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Істерді қарау қорытындысы бойынша «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ жалпы сомасы 192 970 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Агенттіктің хабарлауынша, «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ айыппұл сомасын толық көлемде төлеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама