×

Олигархтардан қай компаниялар мемлекетке қайтарылды?

Алдағы уақытта көлік, теміржол инфрақұрылымы, тау-кен компаниялары қайтарылады

 Бауыржан Мұқанов 17.10.2022 | 14:17
Коллаж: Halyq Uni

Президенттің тапсырмасымен құрылған Экономиканы демонополизациялау комиссиясы 9 компанияны немесе компаниядағы үлесті мемлекетке қайтарды, деп мәлімдеді Қаржы министрлігі Halyq Uni редакциясына берген ресми жауабында. 

Министрлік мәліметінше, Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысының шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және т.б. салаларда жеке монополияларды (олигополияларды) болдырмау мақсатында сыйға тарту шарттары бойынша республикалық меншікке мына компаниялардағы акциялардың пакеттері мен қатысу үлестерін қайтарды: 

  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 28,8%-ы, соның ішінде 24,95%-ы Skyline Investment Company SA компаниясынан, 3,8%-ы «Алатау Капитал Инвест» ЖШС-дан мемлекетке өтті;
  • «Темір Триумф» ЖШС-дан «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның 100%-ы;
  • «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлағалар бірлестігінен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес АҚ (50% + 1 акция);
  • «Integrity Solutions» ЖШС-дан «Soft Art» ЖШС 50%-ы;
  • «Bridge capital investments limited» жеке компаниясынан «Топаз-НС» ЖШС 100%-ы; «Мархит» ЖШС 100%-ы; «Акмолит» ЖШС 100%-ы;
  • «Ecowaste Solution» ЖШС-дан және Ш.У. Муктаровадан «ӨКМ Операторы» ЖШС 100%-ы;
  • «Tau Bereke Group» ЖШС-дан «GPC Investment» ЖШС 100%-ы мемлекетке өтті.

Алдағы уақытта тағы қандай компаниялар мемлекетке қайтарылады деген сұрағымызға министрлік көлік, теміржол инфрақұрылымы, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы компаниялардың қайтарылатынын мәлімдеді. Алайда нақты тізімі әзірге белгісіз көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама