×

Бірінші орын алу үшін бар күш-жігерімізді саламыз – Магомед Адиев

Жуков карантинді ұлттық құрамадан жоғары қойды, - деді бас жаттықтырушы

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2022 | 11:59
фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Беларусьпен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, сұрақтарға жауап берді:

– Бізді қиын ойын күтіп тұр. Оның маңыздылығын түсінеміз. Мен өткен матчтардағы атмосфераны тағы да көргім келеді. Бір жағынан қиын ойын болса, екінші жағынан қайта кездесіп, жанкүйерлерімізбен қауышатынымызға қуаныштымыз.

– Осындай маңызды матч алдындағы команданың дайындығы қалай? Жарақатынан айыққан ойыншылардың жағдайы қалай?

– Бізде үш-төрт күндік жаттығу болды. Команданы бір қалыпта ұстау қиын. Бірақ кез келген команданың жағдайы бірдей. Оның ішінде біздің қарсыластарымыз да бар. Бір жарым күн бойы тактикалық дайындықты пысықтадық. Жаттықтырушы әрине, ойыншыдан көп нәрсені талап етеді. Ал, біздің жігіттерге келсек, Ахметов жарақатпен келіп, жаттығуға қатыса алмады. Беларусьпен матчта ойнамайды. Ал Қуаттың жағдайы жақсы, алаңға шығуға дайын.

– Ертеңгі ойында капитан кім болады?

– Асхат Тағыберген.

– Зайнутдинов ЦСКА-да орталық қорғаушы болып ойнайды. Тәп-тәуір өнер көрсетуде. Оны қай позициядан көреміз?

– Оның клубта орталық қорғаушы болып жүргенін дұрыс айттыңыз. Менің шабуылда да, қорғаныста да ойнайтын ойыншыны көрмегеніме көп болды. Бізде осындай жан-жақты ойыншының барына қуанамын. Ол жартылай қорғаушы ретінде ойнайтын болады.

– Жуков Қытайдағы қатаң карантиндік ережелерге байланысты ұлттық құрамаға келе алмайтынын айтты. Сіз оған алдағы уақытта сенім артасыз ба?

– Бәріне өзі жауап берді деп ойлаймын. Ол ұлттық құраманы карантиннен төмен қойды. Мен не айта аламын?

– Быстров ұлттық құрамаға шақыртылды. Бұл араларыңызда болған түсініспеушіліктің түйіні шешілді дегенді білдіре ме?

– Иә, әрине. Біз оның қабілетіне күмәнданбаймыз. Жай ғана маған сол кезде болған жағдай ұнамады. Егер ол осында болса, онда ол менің айтқан әңгімемді естіген. Әрине, бәрі артта қалды.  Ешқандай проблема жоқ.

– Беларусьпен ойында бірінші орын алатын мүмкіндік бар ма?

– Біз жанкүйерлеріміздің көз алдында ойнаймыз. Олар бізді барлық жерде қолдады. Ойынға шығар алдында, бізді әрқашан қолдап келген осы адамдарға алғыс айтуымыз керек. Біз өз жанкүйерлерімізбен бірге алға қойылған тапсырманы орындауға тырысамыз.

– Неліктен Покатилов ұлттық құрамаға шақыртылмады?

– Мен оны маусым айындағы ойындарға шақырдым. Бірақ ол келе алмады. Мен бізге тәжірибелі қақпашы артық болмайды деп ойладым. Бірақ бұл жолы мен қиын кезде бізбен бірге болған ойнышыларды шақырғым келді. Ол тәжірибелі қақпашы. Бірақ Шацкий - біздің бірінші нөмірлі қақпашымыз. Мен басқа тәжірибелі қақпашыны шақырып, Шацкийдің көлеңкесінде ұстауды қаламадым. Игорьдің денсаулығы жақсы болса, екі ойында да өнер көрсетеді.

– Бұған дейін мұндай турнирлерде бірінші орын алған емеспіз. Бұл сізге психологиялық қысым жасай ма?

– Иә, біз ешқашан топтың басында болған емеспіз. Сондықтан мен жігіттерге осы сәттен ләззат алу керектігін айттым. Өйткені, бұл барлық адамдарда бола бермейтін мүмкіндік. Біз тек бірінші орынға таласуымыз қажет. Спортта тек алтын жарқырайды, сондықтан біз әрқашан осыған ұмтыламыз. Барлығы өз қолымызда. Мен жігіттердің осы сәттен ләззат алғанын қалаймын. Біз бұл турнирді мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамыз. Қандай жағдай болмасын, бар күшімізді саламыз.

– Біздің команда бұрын-соңды Беларусь құрамасын жеңген емес. Өткен шаққа қандай да бір талдау жасалды ма?

– Бұл өте нақты қарсылас, оңай емес, кез келген командаға қиындық тудыруы мүмкін. Менің ойымша, бұл оңай ойын болмайды. Бірақ біз өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Әрбір жақсы және жаман нәрсенің соңы болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстан көмірден бас тартпайды

Еуропа көмірді қайтып қолдана бастады
05.10.2022 | 18:44

Президент Алматының трамвайсыз қалғанын сынға алды

Ол ешкімге кедергі келтірмесе де рельстер жойылды, - деді ол
05.10.2022 | 18:27

Антикор ҚТЖ жұмысындағы жемқорлыққа апаратын фактілерді анықтады

Соңғы 5 жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген
05.10.2022 | 18:15

Ауылды таза сумен қамтамасыз ету: Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Суармалы алқаптарға бөлінетін қаржы көбейеді
05.10.2022 | 18:11