×

«Бұл өрт – ескі жүйені уысында ұстап қалғысы келгендердің іс-әрекеті» - заңгер

Билікке таласып жүріп егемен елімізден, құнарлы жерімізден айырылып қалмайық!

 Еркеғали Болатұлы 07.09.2022 | 12:38
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Қоғам белсендісі, белгілі заңгер Айгүл Орынбек еліміздің түкпір-түкпірінде болып жатқан өрттен саяси астар іздеп, бұл жағдайды түріктің әйгілі «Көкжалдар мекені» телехикаясындағы сюжетке ұқсатқан. Ол туралы ойын өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

Айтуынша, «қалталарына ауадан ақша түсіп тұрған» билік қолдарынан кеткен экс-шенеуніктер өртті қасақана ұйымдастыруы мүмкін. Киноның өмірден алынатынын алға тартқан ол, кез келген дамыған елдің бұл этаптардан өткенін ескертті.

«Долина волков» түрік сериалын көріп шығыңыздар! Біздегі болып жатқан жағдайлар сол кинода жақсы көрсетілген. Әсіресе бір сериясында үлкен кісілер билікті уыстарынан шығармау үшін, мемлекетке дегендерін істету үшін әр қалада жарылыс жасап, халықтың үрейін қашырып, билікті тығырыққа тірейді. Еліміздің әр өңірінен шығып жатқан өрт ескі жүйені уысында ұстап қалғысы келіп жатқандардың іс-әрекеті деп ойлаймын, - дейді заңгер.

«Билікке таласып жүріп егемен елімізден, құнарлы жерімізден айырылып қалмайық!» деген қаупін айта отырып, халықтың бұрынғыдай қараңғы еместігін де шен-шекпенділердің есіне салып қойды.

«Бүкіл Қазақстанға өрт қойсаңдар да бізге «Сыбайлас жемқорлыққа батқан Қазақстан» керек емес!» - деп түйіндеді сөзін Айгүл Орынбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама