×

Түркия АҚШ-қа Ресейге қарсы санкцияларға қосылуға уәде берді

Анадолы елі америкалықтармен келісімге келді

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 15:34
фото: ашық дереккөз

Түркия батыс елдерінің Ресейге қарсы барлық санкцияларына қарсы келмей, оның талаптарын орындайтын болды.

Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Түркия қаржы министрінің орынбасары Юнус Элитас АҚШ қаржы министрінің орынбасары Уолли Адеймомен әңгімесі барысында өз елінің бұдан былай РФ-ға салынған санкциялар талаптарын қатаң орындайтынын мәлімдеді.

Санкция саясатын үйлестіруші және санкцияның орындалуын бақылаушы Адеймо өзінің Элитаспен әңгімесінде Ресейден шыққан компаниялар филиалдарының санкцияны айналып өту үшін Түркияны қатты пайдаланып отырғанын айтып, қатаң ескерту жасады.

Кездесуде шенеуніктер санкциялардың орындалуын сақтау мен оны қадағалауға қатты көңіл бөлінетіні жөнінде келісімге келді.

Түркия қаржы министрлігінің хабарлауынша, Элитас өзінің америкалық әріптесін Анадолы елінің Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары қаншалықты тереңде жатқанына қарамастан, бұдан былай санкция талаптарын бұзбайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама