×

Елімізде АЭС салу бойынша нақты шешім жоқ - Энергетика министрі

Болат Ақшолақов Энергетика министрі болып 11 қаңтарда тағайындалды

 Ербол Тұрымбет 03.02.2022 | 16:39
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты ойын айтты.

«АЭС салу - өте күрделі мәселе. Сондықтан саламыз ба, жоқ па ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейін әртүрлі мәселелер қаралады. Қазір елімізде «жасыл» саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер бар... Көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық тұрғыда таза емес», - деді министр.

Энергетика министрі генерацияға арналған өтпелі отын ретінде газдың таза екенін, бірақ оның қоры шектеулі екенін айтты. Сол себепті, Қазақстанда энергия тапшылығын жою үшін бірнеше нұсқа қарастырылып отыр.

АЭС – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл өте нәзік мәселе, ол бірінші кезекте қоғамды тарта отырып, барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешімдер жоқ, - деп қосты Болат Ақшолақов.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев атом электр станциясын Алматы облысында салудың тиімді тұсын атаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама