Ресей Қазақстан мен Грузияға қауіп төндіреді –  Украинаның экс-президенті Кучма

Дастан Жұмабекұлы

Ол BBC агенттігіне болжамын айтты

фото: tochka.net

Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма Ресей Украинаны соғыста жеңетін болса, Қазақстан мен Грузияға шабуыл жасауы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы ол BBC агенттігіне берген сұхбатында ескертті.

Оның айтуынша, Ресейден қауіп Польша мен Литваға емес, Қазақстан мен Грузияға келеді.