«Қазақ Титанынан» жеңілген «Иран Халкы» мәлімдеме жасады

Дастан Жұмабекұлы

Ол Алмат Жұмановтан нокаут алып, жеңілген болатын

фото: vesti.kz

Алмат «Қазақ Титаны» Жұмановтан жеңілгеннен кейін Саяд «Иран Халкы» Гариби Иран халқынан кешірім сұрады.

Гариби Дубайда бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекте бірінші раундта Алмат Жұмановтан нокаут алып, жеңілген болатын.

Айтарым жоқ, ұятты болдым. Иран халқынан кешірім сұраймын, –  деді Гариби. 

Vesti.kz-тің хабарлауынша, спортшының жаттықтырушысы да Гарибиге түсіністікпен қарауды өтінді. Ол Гарибиге дайындыққа екі апта ғана кеткенін айтты.

Жаман да, жақсы да хабарламаларыңыз үшін рахмет. Саяд маған келмей тұрып жекпе-жек белгіленіп қойды. Оған дайындалып үлгермейтінін айттым. Алайда, оны біреу жаттықтыру керек еді. Айқастан бас тартса, ол қомақты айыппұл төлеу керек болатын. 

Қиын жағдайда қалдық, Саяд Тегеранға келгенде демеуші сөзінде тұрмады. Қаржылай қиындық болды. Ол бар болғаны екі апта ғана дайындалды. 

Қарсыласы да сол деңгейде еді. Бірақ, Саяд ештеңе істей алмады. Өкінішті, әрине. Болашақта бұл қателікті жуып-шаямыз деп ойлаймын, –  деді ол.

Бұл жекпе-жекте «Қазақ Титаны» жеңіске жетті. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.