×

«Ей, ауызыңа ие бол!»: «Иран Халкы» «Қазақ титанына» жауап берді

Ол жекпе-жекке дайын екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 16:58
фото: vesti.kz

«Иран Халкы» Саяд Гариби 31 шілде күні Дубайда болатын жекпе-жек алдында «Қазақ титаны» деген лақап атпен белгілі Алмат Жұмановқа жауап берді.

Бұл видео Instagram-да жарияланды.

Ей, «Қазақ титаны» сен де менімен төбелесуге дайынсың ба? Есіңде болсын, төбелескен кезде адам аузына ие болып, өзін еркін ұстау керек. Менде сенімен жекпе-жекке дайынмын, – деді ол.

Бұған дейін «Қазақ титаны» «Иран Халкына» видеоүндеу жолдаған болатын.

31 шілдеде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Dubai P7 Arena» спорт кешенінде болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама