×

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа жіберуге уәде берді

Ал Андраде болса қазақ боксшысынан қаймығып, басқа қарсылас іздеп жатқан көрінеді

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 10:41
Фото: facebook.com

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы титулдарды біріктіруге ниетті екенін айтты.

Бұл туралы ол Twitter-де мәлімдеді.

Боксшы ағылшын тілінде жақын арада WBO чемпиондық белбеуінің болатынын айтты.

Жақын арада менде WBO чемпиондық белбеуі болады, ИншаАллах. Келесі жылы мен WBC бойынша әлем чемпионы болғым келеді. Шынымды айтсам, Андраденің менімен айқасқанын қалаймын. Оны нокаутқа түсіргім келеді. Жекпе-жексіз чемпион болған жақсы, ал чемпионды нокаутқа түсіру – тіпті керемет –  деп жазды ол Twitter парақшасында. 

Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде болса Жәнібек Әлімханұлынан қаймығып, басқа қарсылас іздеп жатыр деген дерек бар. Бұл туралы ол америкалық журналист Крис Мэнник Twitter-де айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама