Қазақстанда соғыс болатынын айтқан ресейлік азаматтың видеосы шықты

Дастан Жұмабекұлы

Бұл аймақта алпауыт елдердің мүдделері тоғысқан

Көрнекі фото

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласында тұрып жатқан ресейлік азаматтың Қазақстанға соғыс шақырып жатқан видеосы шықты.

Бейнежазбаны Алтынғали Ноғаев есімді азамат Facebook-те жариялады. 

Бүгін 2022 жылдың 22 шілдесі. Мен кеше ғана Екатеринбургте тұратын досымнан қазақстандықтар үшін жағымсыз жаңалықты естідім. Мен Ақтөбеде 6 жылдан бері тұрамын. Осы жерде жұмыс істеймін. Ол маған Қазақстандағы бейбіт өмірдің бітуіне 6 ай немесе кемінде бір жыл қалғанын айтты. Ресей Украинадағы «операцияны», соғысты бітірген соң Қазақстанға соғыс ашады. Сондықтан бәріңіз де бір адамдай қаруды қолдануды үйреніңіздер. Осы хабарды естіген бойда менің көңіл-күйім түсіп кетті. Қазақстандағы соғыс Украинадағыдан ба жаман болады деді. Менің атым – Костя. Бұл өңірде Қазақстан, Ресей, Қытай мен Американың мүдделері тоғысқан. Сіздерге тағы қандай дәлел керек?! Маған сенсеңіздер жағдай қиын болайын деп тұр, – деді ол.

Осы бейнежазба жарияланғаннан кейін  комментарий жазған адамның бірі видео авторының кешірім сұрады дегенді айтты.