Бұл аймақта алпауыт елдердің мүдделері тоғысқан
Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласында тұрып жатқан ресейлік азаматтың Қазақстанға соғыс шақырып жатқан видеосы шықты.
Бейнежазбаны Алтынғали Ноғаев есімді азамат Facebook-те жариялады.
Бүгін 2022 жылдың 22 шілдесі. Мен кеше ғана Екатеринбургте тұратын досымнан қазақстандықтар үшін жағымсыз жаңалықты естідім. Мен Ақтөбеде 6 жылдан бері тұрамын. Осы жерде жұмыс істеймін. Ол маған Қазақстандағы бейбіт өмірдің бітуіне 6 ай немесе кемінде бір жыл қалғанын айтты. Ресей Украинадағы «операцияны», соғысты бітірген соң Қазақстанға соғыс ашады. Сондықтан бәріңіз де бір адамдай қаруды қолдануды үйреніңіздер. Осы хабарды естіген бойда менің көңіл-күйім түсіп кетті. Қазақстандағы соғыс Украинадағыдан ба жаман болады деді. Менің атым – Костя. Бұл өңірде Қазақстан, Ресей, Қытай мен Американың мүдделері тоғысқан. Сіздерге тағы қандай дәлел керек?! Маған сенсеңіздер жағдай қиын болайын деп тұр, – деді ол.
Осы бейнежазба жарияланғаннан кейін комментарий жазған адамның бірі видео авторының кешірім сұрады дегенді айтты.