Президент: Біздің депутаттардың азаматтар арасында лайықты беделі жоқ

Айнұр Шошаева

Nur Otan-ның ұйымдастырушылық құрылымы қайта қаралады

коллаж: Halyq Uni

Nur Otan партиясының төрағалығына сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның жұмысына қатысты сын айтып, барлық сайлауалды бағдарламалардың орындалуына толық ревизия жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Нalyq Uni тілшісі. 

Партияның одан әрі өміршеңдігі сайлау алдындағы уәделердің қандай көлемде орындалатынына байланысты екенін түсіну керек. Менің ойым: шындықтан алыс және жүзеге асырылмайтын уәделерді әдейі ойдан шығармаған дұрыс, - деді ол партия съезінде.

Президент 2021 жылдың қорытындысы бойынша үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жоспарлы индикаторлардың 74% орындалуы туралы есеп бергенін еске салды. Алайда, оның ойынша бұл ақпараттың сенімді екендігіне кепілдік жоқ. 

«Сондықтан партия үкіметпен және әкімдіктермен бірлесіп, сайлау алдындағы уәделердің орындалуына толық тексеру жүргізуі тиіс. Бұл жұмысты диверсиялаудың, бюрократизациялаудың әртүрлі амалы әлеуметтік толқуларға әкелуі мүмкін. Мұнымен ешкім дауласпайтынына сенімдімін», - деп қосты ол.

Президент реформалардың жаңа күн тәртібін іске асыруға қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Үкіметке нақты міндеттер қойылды. Партия олардың сапалы орындалуын ынталандыруы тиіс. Тоқаевтың айтуынша, бұл үшін барлық ресурстар бар.

Партия төрағасы басқа реформалардан бөлек, ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын қайта қарау қажеттігін айтты. Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшының, сондай - ақ тиісті бағыттар бойынша басқа хатшылардың ұстанымын қарастырылуы тиіс, деді ол. 

«Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті тақырыптар бойынша ұсынымдар әзірленетін ашық және пәрменді алаңға айналуы тиіс. Олар өзекті мәселелерді шешудің нақты қолданыстағы тетігіне айналуы тиіс» - деген Тоқаев алдағы реформаларды заңнамалық тұрғыдан сапалы қамтамасыз ету үшін Мәжілістегі партия фракциясын қайта жаңғырту қажеттігін атап өтті. 

«Фракция мүшелері формализм мен ұйымдастырудан алыс болуы керек, қоғам өкілдерімен көбірек байланыста болуы керек», - деді ол.

Бұған қоса, партия төрағасы депутаттардың тікелей міндеті өзекті мәселелерді жан-жақты түсіну, ашық популизмге бармай-ақ, партияның ұстанымын нақты түсіндіру және берік сақтау екенін айтты. 

Ол үшін сайлаушылармен тікелей диалог құру, азаматтармен, оның ішінде шалғай ауылдардың тұрғындарымен жиі кездесіп тұру өте маңызды. Депутаттық сауалдар ресмиленбеген, мазмұны бойынша нақты болуы, тұрғындардың нақты проблемаларын көрсетуі тиіс.

Мәслихат депутатының белгісі бұл өңірлік элитаға қатыстылықтың жалған белгісі және жоғары кабинеттерге рұқсаттама емес. Бұл оның сайланғанының дәлелі, сондықтан халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс.  Депутаттар бұл түбегейлі айырмашылықты нақты түсінуі керек. Әзірге біздің депутаттар азаматтар арасында лайықты беделге ие емес. Бұл қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде айқын көрінді», - деді Мемлекет басшысы. 

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды.  

«Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл жағдайлар, әрине, Президенттің кез-келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын болжайды. Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз», – деді Президент.