×

«Тойда музыка болмау керек, әйел мен ер адам бірге отырмау керек»: тағы бір «данышпан» діндар шықты

Ол тойда тыйым салынатын нәрсені айтты

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2022 | 11:29
Көрнекі фото

Facebook желісінде тағы бір діндар «данышпан» туралы видео шықты. Ол бейнежазбада халыққа тойда музыка ойналып, ән айтылса оны харам деп есептейтінін айтады. Сондай-ақ өзінің аты-жөнін атамаған сақалы сапсиған жас жігіт әйел мен ер адамның дастарханда бірге отырмау керектігін ескертеді.

Құрметті ағайын, бауырлар! Көпшілік адамдар тойдың халал, яғни адал болып есептелуі үшін арақ-шараптың болмауы жеткілікті деп есептейді. Бұл әрине, дұрыс. Бірақ ол тойдың толық халал болып өтуі үшін жеткіліксіз. Тойда дүңкілдеген, адамды орнынан тұрғызатын музыка ойналса, ол да харам.  Оған ешқандай талас жоқ. Өйткені, ер адам  мен әйел билейді. Бөтен әйелмен бөтен ер адам билесе ол – 100 пайыз харам. Сол секілді ер адам мен әйел бірге бір жерде отырса дұрыс емес. Әйелдерге бөлек бөлме, еркектерге бөлек бөлме болуы керек, –  деді ол.

Бейнежазбаның авторы сөз соңында тойдың адал болуы үшін тағы да арақ-шараптың ішілмеуі, музыканың ойнамауы, ер адам мен әйелдің бір дастарханда отырып, билемеуі керектігін айтты.  

Сонда ғана той адал өтеді, - деді ол.

Осы видеоны желіге салған кәсіпкер, қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила жас жігіттің уағызына келіспейтінін, қазір олардың саны мыңдаған адам болса, бірер жылда жүз мыңға, одан соң миллион адамға жететінін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама