×

Талдыкөлді көл деп айтуға болмайды –  Көлгінов

Оның орнына көлемі 20 гектар саябақ салынады

 Дастан Жұмабекұлы 08.07.2022 | 17:25
Көрнекі фото

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Талдыкөлдегі судың неліктен азайып жатқанын түсіндірді.    

Әкім кіші Талдыкөлді көл деп айтуға болмайтынын, ол кәріз желілерінен келген судың жинағы екенін айтты.

Қазір Талдыкөлде су азайып бара жатыр. Бір бөлігінде мүлдем қалмады. Себебі, мамандар сол жағалаудағы құрылыс жұмыстары болған сайын көлдің астынан келетін судың азайып кеткенін айтады, –  деді ол. 

Оның айтуынша, сол себептен кіші Талдыкөлдің орнына көлемі 20 гектар саябақ салынады

Кіші Талдыкөлдің орнында эко-саябақ салу туралы шешім қабылданды. Күзде жасыл желектерді егіп бастаймыз. Суды жеткізу бойынша екі көлді қосатын боламыз. Ол жерге суды жалғастыру керек. Өйткені, су келмей тұр, –  деді әкім. 

Ескере кететін бір нәрсе, кіші Талдыкөлді сақтап қалу туралы мәселені қоғам белсенділері әлі көтеріп жүр. Олардың айтуынша, құрылыс табиғатқа зиян әкеліп, аққулар мен басқа да құстарға кесірін тизігіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама