×

Атырау университеті Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәлімдемесін жоққа шығарды

Кеше Атырау университетінде тергеу басталғаны хабарланды

 Айнұр Асылбекқызы 05.07.2022 | 18:59
фото: atr.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аймақ нарығында 70%-дан астам үлеспен үстемдікке ие екендігін анықтап, аталмыш универде тергеу басталғанын хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл университеттегі үш мамандық бойынша оқу құны өңірдегі басқа университеттердегі ұқсас мамандықтарға қарағанда 35-60% жоғары екені анықталған.

Алайда, университеттің баспасөз қызметі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдемесін жоққа шығарып отыр.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі мамандықтар бойынша оқу ақысына 2018-2021 жылдар аралығы бойынша жасалған талдау қорытындысы бірқатар мамандық бойынша оқу ақысының төмендегенін көрсетеді. Атап айтқанда, «Ақпараттық технологиялар», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары бойынша 2018 жылы оқу ақысы 635 800 теңгені құраса, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 520 000 теңгені құрап отыр. Соңғы 3 жылда аталған мамандықтар бойынша оқу ақысының мөлшері 18,2% төмендетілген.

«Ал 2022-2023 оқу жылына оқу ақысы ешқандай өзгеріссіз бекітілген. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін өздері дербес анықтайды. Оқу ақысын анықтау барысында университеттің мүмкіндіктері мен қажеттіліктері басшылыққа алынады. Сонымен қатар, өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарының бағасы зерделенеді», - делінген ЖОО жауабында.

Жоғары оқу орындарының республикалық және халықаралық деңгейді бәсекелестікке дайын болуы және сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін мықты профессор-оқытушылар құрамы, заманауи материалдық техникалық база және жаңа ғылыми оқулықтар қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама