×

Депутат Мәжіліске дайындықсыз келетін, қазақшаға шорқақ министрлерді сынады

Депутат үкімет мүшелерінің депутаттық сауалға толық жауап бере алмайтынын жеткізді

 Дәурен Ерболат 30.06.2022 | 13:08
Жанарбек Әшімжан, депутат

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Парламентке дайындықсыз келетін, қазақшаға шорқақ үкімет мүшелерін сынға алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Депутат алдымен үкімет мүшелерінің депутаттық сауалға толық жауап бере алмайтынын жеткізді.

«Біз осы мәселеге қатысты депутаттар тарапынан наразылық білдіргенбіз. Былтыр да осылай болған. Өйткені, олардың көбі орысша айтқанда «отписка» үшін келіп, жауап береді. Жылдың басында Үкіметке көңіліміз толмайтынын палата отырысында да айттық. Олар Мәжіліс жиынына дайындықсыз келеді. Мемлекеттік тілге шорқақ, нақты қойылған сұрақтарға жазбаша жауап беруге рұқсат сұрайды», - деді Жанарбек Әшімжан.

Депутат бұл мәселенің ретімен жолға қойылып келе жатқанын айтты.

Бір-бірімізге хат жазып отыра берсек, жұмыс бітпейді ғой. Осы мәселеге қатысты депутаттар тарапынан наразылық болды. Алайда бұл мәселе жолға қойылып келе жатыр, - деді депутат.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мемлекеттік орган басшыларының депутаттық сауалдарға толық, сапалы жауап бере алмай жүргенін сынға алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама