×

«Премьер-министрге айтыңыз». Қошанов депутаттардың сұрағына жауап бере алмайтын Үкімет өкілдерін сынады

Ол бұл мәселе шешілмесе, үкімет мүшелеріне шара қолданылатынын ескертті

 Дәурен Ерболат 29.06.2022 | 13:28
Фото: tengrinews.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мемлекеттік орган басшылары депутаттық сауалға толық, сапалы жауап бере алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

...Осында отырып, бір-бірімізге күйе жаға салуға болмайды деп ойлаймын. Алайда бүгінде депутаттық сауалдарға мемлекеттік органдардың сапасыз жауап беруі осыған түрткі болып отыр. Шынын айтсақ, мемлекеттік органдардан, Үкіметтен сапасыз жауаптардың келуі жиілеп кетті. Осында Парламенттегі үкімет өкілі Ермек Әмірханұлы (Ермек Аманшаев – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары) отыр. Осыны премьер-министрге, орынбасарларына, үкімет мүшелеріне жеткізуіңізді сұраймын, - деді төраға Мәжілістің жалпы отырысында.

Ол депутаттар әр апта сайын министрлерді шақырып алып, ауызша жауапты тыңдап отыра алмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл дұрыс емес.

«Бірақ бұл мәселеге бейжай қарауға да болмайды. Өйткені мұның бәрі елді толғандырып отырған өзекті мәселелер. Бұл сауалдарды депутаттар жолдап отыр. Әр сұрақтың артында адамдардың тағдыры тұр. Бұлай жалғаса беретін болса, біз жекелеген үкімет мүшелеріне тиісті жазаны қолдануға заң жүзінде мүмкіндігіміз бар. Сондықтан мемлекеттік орган басшыларын депутаттар көтерген сауалдарға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», - деді Ерлан Қошанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама