Қазақ жауынгері Зеленскийден көмек сұрады

Дастан Жұмабекұлы

Ол Украинаның азаматтығын алуға үміттенетінін айтты

Видеодан скриншот

Украинада соғысып жатқан қазақ жауынгері Жасұлан Дүйсембин Зеленскийге үндеу жолдап, көмек сұрады.

Ол былтыр қыркүйек айында келісімшарт бойынша Украинаның қарулы күштерінің қатарына қабылданғанын, соғысқа дейін алдыңғы шетпе әскери борышын өтегенін, ал соғыс басталғанда қолына қару алып, Украина әскерінің сапында шайқастарға қатысып келе жатқанын айтты.

Мен соғыс басталысымен батыр қала Волноваханы азат етуге қатыстым. Волноваха бағытында қорғаныс шебін мықты ұстап соғыстым. Осы уақытта Украинаның азаматтығын алуға тырысқан едім. Өйткені, Қазақстанда мені қылмыстық жауапкершілікке тартады. Мені олар ұстау үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасап жатыр. Ал мен Украинаның бостандығы, азаттығы мен әділдік үшін шайқастарға қатысып жатырмын.  Менің зайыбым – Украинаның азаматы. Осы жерде екі баламыз туған. Маған көп адам көмектесеміз деген. Алайда, ешкім ешнәрсе істей алмай отыр. Мен заңды тұрғыда қорғалғым келеді. Бірақ, бәрі бос сөз күйінде қалып жатыр. Осы кезге дейін бір ауыз сөз айтып, Украинадағы соғысқа қарсы шыққан ресейліктердің азаматтық алғанын естіген едім. Ал Украина үшін өміріне қауіп-қатер төндіріп, соғысып жатқан адамдар азаматтық тұрмақ, әскери билет те ала алмай жатыр. Сондықтан мен сізден басқыншыларға қарсы соғысу үшін азаматтық алуға көмектесуіңізді сұраймын, - деді ол.

Ол сөзінің соңында Қазақстанның арнайы қызмет органдарының қолына түспеу үшін Украинаның азаматтығынан үміттенетінін атап өтті.