×

«Мен тірімін!»: Украинада соғысып жүрген қазақ жауынгері мәлімдеме жасады

«Шайқаста тозақтан әрең шықтық», - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2022 | 11:30
видеодан скриншот

Украина жағында соғысып жүрген қазақ жауынгер Жасұлан Дүйсембин тірі болып шықты. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Барлық достарыма ассалаумағалейкүм деймін. Соңғы оқиғаларға байланысты видеоүндеу жолдағым келіп тұр. Менің ТikTok-тағы аккаунтым жабылған. Инстаграмға да кіре алмай жүрмін. Өйткені, Instagram-ға тіркелген сим-картамды да жоғалтып алдым. YouTube-тегі каналыма да кіре алмадым. Менің аватарымда бір қыздың фотосы жүр екен», - деді ол.

Осыған байланысты ол аккаунттарына жан-жақтан шабуыл жасалып жатқанын, сол себептен ақпарат тарата алмай отырғанын атап айтты.

«Бір айдан астам уақыт бұрын госпитальдан емделіп шыққанымды біреулер шатастырып, мені тұтқында болған екен деп жазыпты. Тағы біреулер мені қаза тапты депті. Рас, Владимировка селосындағы шайқаста тозақтан әрең шықтық деуге болады. Сол жерде қаза табуым мүмкін еді. Бірақ, мен жарақат алғаным болмаса тірімін», - деді Жасұлан.

Бұған дейін Арқалықта туып-өскен қазақ жігітінің Украинаға ерікті ретінде барып, әскери қимылдарға белсене араласып, сол үшін осы елдің мемлекеттік наградасы – «Ерлігі үшін» орденімен марапатталғаны жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама