Қошанов Айдос Сарымның әрекетін әдеп кеңесінде қарауға болатынын айтты
Ол саясаттанушыны «балабол», «пацан» деп атаған болатын
Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевты «балабол», «пацан» деп айыптаған Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралуы мүмкін.
Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналистерге берген жауабында айтты.
Өкінішке қарай, ол бейнежазбаны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысып қалған еді. Сол кезде депутат саясаттанушыны «балабол», «пацан» деп атаған болатын.