×

Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етіп, қорлағандарды қатаң жазалаған жөн – Тоқаев

Президент мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі туралы заңды күшейту керек дейді

 Қымбат Елтайқызы 04.06.2022 | 16:00
скриншот: видео

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қастерлі Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына дәл бүгін 30 жыл толып отыр.

Тоқаев еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз екеніне назар аударып, оған немқұрайлы қарайтындарға, қадір-қасиетін түсіретіндерге біржола тосқауыл қою қажеттігін айтты.

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту маңызды. Сонымен бірге жастармен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізген жөн. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз керек. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн, – деді Президент.

Ерлан Қарин мемлекеттік туды қорлаған әншілерге қатысты пікірін айтты. «Концертті көрдім»: Мәжіліс төрағасы сахнада боқтанатын әншілер жайлы ойын білдірді. Туды пайдалану тәртібін қайта қарау қажет - Тоқаев. Тоғжанов та әдепсіз әншілер жайында сөз қозғады. Былапыт сөз айтқан, ішімдік ішкен әншілерді сахнадан аластату керек – Нұртөре Жүсіп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама