×

Тоғжанов та әдепсіз әншілер туралы айтты

Ол тудың мәні мен мағынасын отандастарымыздың түсінуі керектігін ескертті

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2022 | 17:50
фото: ult.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та сахнада Мемлекеттік туға құрметсіздік көрсеткен «Ирина Кайратовна» тобы мен Shiza-ға қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол Astana Hub-та жастармен кездесу айтты.

Кездесуге Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, Президенттік Жастар кадрлық резерві, жастар ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер мен жас ғалымдар қатысты.

Ашығын айтсам, өте ұят жағдай болды. Олар жазаларын алды. Әкімшілік жазаға тартылғанын бәріңіз білетін боларсыздар. Мұндай мәселеге басқаша көзқарасы болмайды. Оны әр азамат білуі керек, – деді Тоғжанов.

Ол тудың мәні мен мағынасын отандастарымыздың бәрі түсіну керектігін айтты.

«Бабаларымыз осы кең байтақ жерімізге туды тігіп, сақтап қалған. Оны әр уақытта есімізде ұстауымыз керек. Тудың қадірін кешегідей жағдай болғанда ғана емес, әрдайым біліп жүруіміз қажет», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20