Жеңіс Қасымбек жиі суға толып қалатын екі учаскеге тоқталды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек су басып қалатын көшелердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Қазір елорданың нөсер кәріз жүйесі 18 тазарту құрылысынан және 1-ші жинақтаушы тоғаннан, ауданы 16,7 мың гектардан астам аумақты алатын жер үсті ағындарын бұратын 610,8 км болатын нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады. Қалада 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 км-ден астам желісі, 9 сорғы станциясы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланды», – деп жазды әкім Instagram парағында.
Су басып қалатын екі негізгі учаске бойынша:
Бұдан бөлек, осыған дейін әкімдік Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысын бастаған. Оның ұзындығы – 8 км, бұл қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторы толықтай осы жылдың күзінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды. 2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды. Оның аясында 10 км-ден астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды, – деді Астана басшысы.
Биыл нөсер кәрізінің 5 жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр, оның 3-еуін аяқтау жоспарланып отыр. Осы жобалар аясында 5 км-ден астам коллектор салынып, жаңа теміржол вокзалы ауданында тазарту құрылысының жұмысы аяқталады. Сондай-ақ, нөсерлі кәріз желілері мен құрылыстарын салу бойынша 8 нысанды жобалау жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қазір «Елордада 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
Бұған дейін кеше нөсерден кейін бас қаланы су басқаны туралы хабарлаған едік.