×

Йемендік хуситтер украиналық теңізшілерді тұтқынға алып отыр - Зеленский

Оларды қайтару үшін күш саламыз, - деді Украина президенті

 Еркеғали Болатұлы 13.01.2024 | 17:10
фото: news-nn.com

Украина президенті Владимир Зеленский йемендік хуситтердің украиналық 4 теңізшіні тұтқынға алғанын хабарлады. Бұл туралы украиналық УНИАН басылымы хабарлады.

Зеленский хуситтердің украиналық теңізшілерді тұтқынға алғанын Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен Киевте бірлесіп өткізген баспасөз конференциясында мәлімдеген.

Қазір 4 теңізшіміз хуситтердің тұтқынында. Оларды қайтару үшін күш саламыз, - деді Украина президенті.

Сондай-ақ ол Қызыл теңіз аймағында кемелердің еркін қатынауы үшін қауіпсіздік мәселесі аса маңызды екенін атап өтті. Себебі бұл украиналық азаматтардың да қауіпсіздігіне қатысты болып отыр.

Айта кетсек, Йемендегі хуситтер кейінгі уақытта Иранның қолдауына ие бола отырып, Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасай бастаған еді. Кейін АҚШ пен Ұлыбритания әскері Йемен аумағына зымыранмен соққы жасады. Бірақ бұл шешімді Ресей айыптап отыр. Сол жағдайға байланысты қазір қазақстандық әуе компаниялары да Йеменді айналып өтуге мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама