×

Ресей соғыста Солтүстік Кореяның қаруын пайдаланып жатыр – БҰҰ

КХДР зымырандар беріп, қару-жарағын тағы бір рет тексеріп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 11.01.2024 | 14:24
Фото: Артем Геодакян / Reuters

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттер Украинадағы соғысты талқылауға арналған жиында Ресейді тағы да айыптады.

Кеңестің мүшелері РФ Солтүстік Кореядан сатып алған қару-жарағын бейбір халықты бомбалау үшін пайдаланып жатыр деп мәлімдеме жасады.  

«Америка дауысы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы екі аптада Киев, Львов, Харьков, Хмельницкий, Днепр, Сумы, Черкасы, Одесса мен Запорожье облыстарында жүздеген адам зардап шеккен. Қаза тапқан адамдар да бар. Соққының кесірінен адам көп шоғырланған тұрғын үйлер, медицина мекемелері мен вокзалдар қираған. Қазір Ресейдің соққысынан елдің 40 пайыз халқы гуманитарлық көмекке зәру болып отыр. Миллиондаған адам елден босып кеткен.  

Кездесуде Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя соғыстан миллиондаған адамның босып кетіп, бейбіт халықтың зардап шегіп жатқанын жоққа шығармады. Сонымен бірге ол өз елінің Украинада Солтүстік Корея зымырандарының қолданылғанын да растады.

БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссарының мәліметіне қарасақ, Украинада соғыс басталғалы бері 10 242 адам қаза тапқан. Оның ішінде 575 бала бар. 19 337 адам жарақат алған. 1 264 бала да жарақаттанған. Бірақ бейресми деректе қаза тапқан халықтың саны бұдан 10 есе көп. 

Жақында АҚШ Солтүстік Корея Ресейге тактикалық ракета кешендерін тасымалдағанын, баллистикалық ракеталардың 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Украинаға жаппай соққы жасаған кезде пайдаланылғанын ескертті.

Оңтүстік Кореяның БҰҰ-дағы өкілі Ресей Солтүстік Корея ракеталарын пайдаланса, КХДР-дың Корея Республикасымен соғысқа дайындалып жатқанын айтты.

Корея сарапшыларының пікірінше, Ресей Украинада КН-23 тактикалық зымырандарын пайдаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама