×

Шавкат Рахмонов келесі жылға басты жоспарын айтты

UFC чемпионы болғым келеді, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 12.12.2023 | 17:59
Фото: prosports.kz

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жылы UFC чемпиондық атағын жеңіп алғысы келетінін ашып айтты.

Мен келесі жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп, Қазақстанға қайту, – деді ол The MMA Hour-ға берген сұхбатында. 

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Бұл жерде ол америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) октогонға шығады. 

Аралас жекпе-жек шебері UFC-де 6 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазір ол жартылай орта салмақ рейтингінде 5-орында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама