Ал былтыр 16 қылмыс тіркелген екен
Депутат Дана Нұржігіт елдегі жастар саясаты мәселелеріне арналған сенаттағы парламенттік тыңдау кезінде погонды жастар проблемалары туралы айтты.
«Әскерде болып жатқан төтенше жағдайлар, жас курсанттардың құпия жағдайдағы өлімі, әскердегі әлімжеттік оқиғалары бозбала бойында бүр жарып келе жатқан отаншылдық сезімді аяздай қарып, санасына ауыр соққы болып тиеді. Осындай оқиғаларды естіген қай ана баласын әскерге жібергісі келеді?! 2021 жылы әскери қызметшілердің өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша 16 қылмыс тіркелсе, биылғы жылдың 4 айында 4 қылмыстық іс қозғалған. Әскери училищелердің курсанттары мен мерзімді қызметтегі сарбаздар бейбіт уақытта қазаға ұшырамауы тиіс», – деді Нұржігіт.
Сенатор жастардың патриоттық сезімін дамыту үшін әскери оқу мен тәрбиенің рөлі зор екенін атап өтті. Парламент мүшесі осыған байланысты болашақ әскери қызметкерлермен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін қайта қарауға шақырды.
Күдіктінің анасы сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына көңіл айтты. Ақтауда қашып кеткен сарбаз өз еркімен полиция бекінісіне келді. Ақтаудағы өзімен-өзі сөйлесетін сарбаз қайта тексеруден өтеді. Шымкентте психо-диспансерге жатқызылған сарбаздың туыстары министрлікке арызданды.